Алакөл

Алакөл - Балқаш-Алакөл қазаншұңқырының шығысында, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстар шекарасының қиылысында және Балқаш-Алакөл жазығында орналасқан ағынсыз тұзды көл. ХІІ және ХІХ ғасырлар арасында оның бірнеше атауы болған: Түрге - Нұр [ моңғол тілінен аударғанда «көпір-көл»], Алақтакөл, Алатеңіз, Алақта. Көлге 15 өзен құяды, олардың ішінде негізгілері - Үржар, Қатынсу, Емелқұйса, Ырғайты, Жаманаткөл, Тасты.

Алакөлге қалай жетуге болады Алматыдан

Демалыс жане емдеу орындары:

Айгерім


Пеликан

Мако


Алакөл


Барлық Арасан


Коктұма
Аласу

Сасықкөл, Ұялы, Жалаңашкөл және басқа да ұсақ көлдермен Алакөл көл жүйесін құрайды. Көлдің ауданы [аралдармен бірге] 2696 км2, су көлемі 58,56 км куб, ұзындығы 104 км, ені 52 км, орташа тереңдігі 22 м, ең терең жері 54 м, жағалау сызығының ұзындығы 348 км. Жағалауы аралдармен, мүйістермен, шығанақтармен, бухталармен тілімделінген. Үлкен және Кіші Балғын шығанақтары жеткілікті терең және қорғаныс-порт ретінде қолданылады. Алакөлдің орталығында аралдар бар: Үлкен, Кішкене Аралтөбе, Белқұдық және т.б. Жағалау климаты шұғыл континентальды. Көлдің үстінде қиын жел режимі тұрады. Көлдің солтүстік бөлігінде желдің максимальды жылдамдығы 40-50 м/сек, оңтүстік-шығыс және орталық бөлігінде 50-60 м/сек. Белсендірек желдер қыс-күз маусымдарында болып тұрады, бұл кезде толқындар биіктіктері 2-2,5 м-ге жетеді. Мұз жамылғысы екі ай [ақпан-наурыз] тұрады. Мұздың ең жуан қалыңдығы 0,8 м [ақпанда]. Мұздың еруі сәуір - мамыр басында.

Мамырдың аяғында су температурасы + 7 +15 С болады. Акватория бойынша су минерализациясы 1,2-11,6 г/л. Құрамы жағынана су хлоридті-натрийлі және хлоридті-сульфатты-натрийлі болып келеді. Алакөлдің құрамындағы фтор мен бромның деңгейі жоғары. Фитопланктон балдырдың 58 түрінен тұрады. Көлдің жағалауын бойлай қамыс, жұмсақ су өсімдіктері және т.б өседі. Зоопланктон құрамы 80 түрге дейін жетеді. Алакөл суында балықтың 8 түрі мекендейді.
Көлге құятын өзендердің сағасында ондатра мекендейді. Жағалауда баклан, гагара, акку, бірқазан, ақққұтан, үйрек мекендейді. Құрақтардың арасында ала мысық және су егеуқұйрығы кездеседі. Көлдің бір бөлігі [20 га] қорғалады.

Алакөл деп аталатын көптеген су «ойпаттарынның» қасынан атақты Ұлы Жібек жолы өткені белгілі. Сол кездің өзінде-ақ саяхатшылар ауыр жолдан кейін көл жағалауында демалған кезде, көл суының қандай да бір таңғажайып жолмен күшті қалпына келтіретінін және денсаулықты бекітетінін байқаған. Адамдарда өзінен-өзі аяқтарындағы жаралар кетіп, денелеріндегі жаралар тез жазылып, радикулитпен ауыратындар белдегі ауруды ұмытытқан. Заманауи медициналық зерттеулер көл суының емдік қасиетін дәлелдеген. Алакөлдің теңіз тынысы даланың құрғақ та, ыстық иісімен араласып, қоршаған ортаға жағымды әсер етеді.
Сонымен қатар, археологтардың айтуы бойынша, Шығыс Қазақстанның картасындағы бұл ерекше орын қазіргі күнге дейін құстар тайпасы үшін өзіндік «Жібек Жолы» болып табылады. Құстар солтүстіктен оңтүстікке қозғалысы кезінде осы жерге демалу үшін тоқтайды. Бұл жер құстар үшін нағыз жұмақ. Мұнда құстардың қандай түрі бар десеңізші... Олардың ішінде сирек кездесетіндер де бар: үш жүз қанаттының ішінде 38-і Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау жөнінідегі халықаралық одақтың Қызыл кітабына енгізілген. Мысалы, реликті шағала, қызғылт және бұйра бірқазандар, ақ құтандар, қара құтандар, қулар...
Үлкен қалалардан алыстығы және климаттың кейбір қатаңдығы көлді және оның фаунасын туристерден сақтаған болатын. Қазіргі кезде Алакөл жағажайында жазғы уақытта ине шаншар жер жоқ деуге болады. Өзіндік «экокапсуланың» бұзылуы көптеген қатерлер әкелуі мүмкін. Міне, сондықтан Қазақстан тәуелсіздік алған соң табиғатты қорғауға көп көңіл бөліп келеді. 1994 жылы Қазақстан Республикасының Парламенті биологиялық әртүрлілік жөнінде конвенцияны ратифицирлады. Мұнымен ерекше табиғи байлықты сақтауға деген ынтасын білдірді. Бұл құжаттың нағыз іске асуының көрінісі 1998 жылы Алакөл мемелекеттік қорығының құрылуы болып табылады.

«Алакөл» атауының шығуы жайындағы мәселелер жөнінде ғалым Ғ.Қонқашбаевтың айтуынша, ол «Ұлы көл» немесе «таулы көл» деген мағына беретін ежелгі түрік және монғол сөздерінің Ала+кол деген қосындысынан шыққан. Сонымен қатар бұл көлдердегі судың түсі алғаш рет қарағанда ерекше болып келеді. Мысалы, Алакөл - бұлыңғыр және қара көк түсті, Сасықкөл - көгілдір, Қоржынкөл - сұрғылт, Қылытұз - сары. Осыдан келе сыртқы пішіні, орналасуы, көлемі, судың түсі әртүрлі болғандықтан жергілікті тұрғындардың көлдің атауын Алакөл деп атауға себеп болды, мұндағы Ала сөзі «әртүрлі» дегенді білдіреді.

Бронирование





Имя, телефон, email




Cloudim - онлайн консультант для сайта бесплатно.